Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 171 науқастың жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 18 сәуірдегі жағдайы бойынша, Қазақстанда 37 749 адам короновирус инфекциясынан (37 294 КВИ+ және 455 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 171 науқастың жағдайы өте ауыр

Олардың ішінде 13 526 пациент стационарда, 24 223 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 671 адамның жағдайы ауыр;

• 171 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 109 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.