Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 177 адамның жағдайы өте ауыр
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - 25 мамырдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 32 254 адам коронавирус инфекциясынан (31 766 КВИ+ және 488 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Олардың ішінде 12 452 пациент стационарда, 19 802 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 696 адамның жағдайы ауыр,
• 177 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 105 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.