Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 177 науқастың жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 қазандағы ақпарат боййынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан 52 825 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 177 науқастың жағдайы өте ауыр

Емделіп жатқандардың арасында 9 329 адам стационарда жатыр, 43 496 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 628 адамның жағдайы ауыр,

• 177 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 104 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.