Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 1840 адамның жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 120 313 адам коронавирус инфекциясынан (–115 214 + және 5 099 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 1840 адамның жағдайы ауыр

Олардың ішінде 30 123 пациент стационарда, 90 190 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 1 840 адамның жағдайы ауыр,

• 561 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 263 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.