Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 188 науқастың жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 7 мамырдағы мәлімет бойынша, 42 436 адам коронавирус инфекциясынан (41 965 КВИ+ және 471 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 188 науқастың жағдайы өте ауыр

Олардың ішінде 14 551 пациент стационарда, 27 885 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 782 адамның жағдайы ауыр,

• 188 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 115 науқас жасанды тыныс алу аппаратында аппаратында жатыр.