Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 212 науқастың жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 30 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 61 356 адам коронавирус инфекциясынан (–52 916 + және 8 440 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 343 пациент стационарда, 51 013 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 212 науқастың жағдайы өте ауыр

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 805 адамның жағдайы ауыр,

• 212 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 135 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.