Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 3 науқастың жағдайы өте ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 5 сәуірдегі мәлімет бойынша 2 453 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап.
Олардың ішінде: 268 пациент стационарда, 2 185 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
19 адамның жағдайы ауыр,
3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
5 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.