Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 41 науқастың жағдайы өте нашар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 8 наурыздағы мәлімет бойынша 13 972 адам коронавирус инфекциясынан (12 899 КВИ+ және 1 073 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 41 науқастың жағдайы өте нашар

Олардың ішінде:

1 409 пациент стационарда,

12 563 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

108 адамның жағдайы ауыр,

41 пациенттің жағдайы өте ауыр,

20 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.