Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 529 науқастың жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 17 тамыздағы мәлімет бойынша 120 488 адам коронавирус инфекциясынан (–115 712 + және 4 776 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 529 науқастың жағдайы өте ауыр

Олардың ішінде 30 996 пациент стационарда, 89 492 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 1 910 адамның жағдайы ауыр,

• 529 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 251 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.