Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 551 науқастың жағдайы өте ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 20 тамыздағы мәлімет бойынша, 122 620 адам коронавирус инфекциясынан (–117 108 + және 5 512 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Олардың ішінде 30 128 пациент стационарда, 92 492 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 1 918 адамның жағдайы ауыр,
• 551 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 248 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.