Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 67 науқастың жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 11 қаңтардағы мәлімет бойынша 23 725 адам коронавирус инфекциясынан (21 884 КВИ+ және 1 841 КВИ-) емделуде.

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 67 науқастың жағдайы өте ауыр

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Емделіп жатқанжардың ішінде:

3 139 пациент стационарда,

20 586 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

188 адамның жағдайы ауыр,

67 пациенттің жағдайы өте ауыр,

47 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.