Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 70 науқастың жағдайы өте ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 24 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 18 404 адам коронавирус инфекциясынан (–16 010+ және 2 394 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 921 пациент стационарда, 15 483 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 254 адамның жағдайы ауыр,
• 70 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 56 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.