Қазақстанда коронавирустан өлім-жітім 4,1 есе азайды - министрлік
«Бүгінде елімізде «жасыл» аймақта 9 өңір бар: Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстары және Шымкент қаласы.
Қазақстан Республикасы және 4 өңір – «сары» аймақта (Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары).
«Қызыл» аймақта Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр», - деді бірінші вице-министр.
Оның айтуынша, елдегі COVID-19 вирусымен сырқаттанудың репродуктивтік саны – 0,93.
«Жалпы Қазақстанда соңғы екі айда сырқаттану 2,8 есе – аптасына 33 346 жағдайдан 11 709 жағдайға дейін азайды. Ал өлім 4,1 есе – аптасына 761 жағдайдан 184 жағдайға дейін кеміді. Бұл жалпы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын көрсетеді», - деді Марат Шоранов.