Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 10 195-ке жетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның 9 өңірінде коронавирус инфекциясынан 56 адам жазылды, жеп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Соңғы мәліметке сәйкес, елімізде тағы 56 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 4,
Шымкент қаласында - 15,
Шығыс Қазақстан облысында - 2,
Атырау облысында - 16,
Ақтөбе облысында - 3,
Қостанай облысында - 1,
Павлодар облысында - 10,
Түркістан облысында - 3,
Маңғыстау облысында - 2.
Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус жалпы 16351 адамнан анықталды. Оның ішінде жа зылғандар саны - 10195. Қайтыс болды - 105 науқас.