Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады - министрлік

«Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтатылды. Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. Медициналық қауымдастықтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі өзіне жүктелген міндетін толық көлемде орындап жатыр. Осылайша, еліміз ең күрделі кезеңді артта қалдырды десек болады», - деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол ел халқын санитарлық ережелерді қатаң орындауға шақырды.

«Бірақ жеткен жетістікке қуанып, босаңсуға болмайды. Ендігі міндетіміз – індетті жұқтыру мен өлім-жітімді тоқтату. Осы ретте барша қазақстандықтарға санитарлық ережелерді орындауға шақырамын», - деді Б. Қожахметов.