Қазақстанда коронавирустың өршу деңгейінің көрсеткіші 0,9 пайызды құрайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Асқар Мамин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал бақылауда екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда коронавирустың өршу деңгейінің көрсеткіші 0,9 пайызды құрайды

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер- Министрді қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал бақылауда екенін баяндаған Премьер-Министр күнделікті жаңадан індетке шалдыққандардың саны 0,46 пайызға өскенін, еліміз бойынша коронавирустың өршу деңгейінің көрсеткіші 0,9 пайызды құрайтынын жеткізді.