Қазақстанда коронавирустың таралу қарқыны 2,5 есе өсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавирус індетінің таралу қарқыны жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Әлемде сырқаттану деңгейінің өсуімен қатар, Қазақстанда да 20 маусымнан бастап коронавирус инфекциясына шалдығу деңгейі өсті. Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттану 2,5 есеге артты (1030-дан 2558 жағдайға дейін). Тәулігіне коронавирустың расталған саны (КВИ+) 1300 жағдайға дейін тіркеліп жатыр», - деді А.Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, індеттің таралуы жағдайларының өсуіне қарамастан, науқастарды ауруханаға жатқызу деңгейі төмен.

Биылғы 15 шілдедегі ахуал бойынша республикада коронавирус бойынша стационарлық көмек 139 жұқпалы аурулар ауруханасында көрсетіліп жатыр. Оларда науқастарды қамту 3282 орынды құрайды. Қазіргі кезде осы ауруханаларға 570 науқас емдеуге жатқызылды.


Соңғы жаңалықтар