Қазақстанда короноавирустан тағы 25 адам емделіп шықты
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат- Қазақстанда 25 адам КВИ-дан емделіп шықты, деп хабарлайды Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жедел штабы.
Осылайша еліміз бойынша қауіпті вирустан емделіп шыққандар саны 629-ды құрады.
«Нұр-Сұлтан қаласында 1954 жылғы және Алматы қаласында 1945 жылғы науқастар коронавирус инфекциясының салдарынан қайтыс болды. Қазақстанда COVID-19-дың кесірінен барлығы 24 адам қайтыс болды», делінген хабарламада.