Қазақстанда ҚР Президентi жанынан әдебиет және мәдениет кеңесi құрылуы ықтимал
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ҚР Президентi жанынан әдебиет және мәдениет кеңесi құрылуы ықтимал. Бұл туралы бүгін 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру барысына арналған Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде Мәжіліс депутаты Мұрат Ахмадиев мәлім етті.
«Мемлекет Басшысы өзiнiң «Қазақстан-2050» атты халыққа жолдауында Қазақстанда мәдени саясаттың тұжырымдамасын жасақтауды және оны бекiтудi тапсырған болатын. Мәдени саясатты жүзеге асыру мәселесiнде кеңес берушi орган ретiнде, басқару және мәдени кластердi құру жұмысын үйлестiру үшiн ҚР Президентi жанынан әдебиет және мәдениет кеңесi құрылуы ықтимал», - дедi М. Ахмадиев.
Оның айтуынша, елдегi мәдениеттiң дамуына Қазақстан халқы Асамблеясы да үлкен үлес қосатын болады.
«Бiртектi мәдениет қалыптастыруда Қазақстан халқы ассамблеясы өзiнiң «Бір ел - бiр отбасы» ауқымды шарасы арқылы үлкен септiгiн тигiзе алады. Оның аясында елiмiздiң қазiргi заманғы мәдениетi мен тарихы туралы фильмдер, хикаялар, арнайы бағдарламалар түсiрiледi», - деді М.Ахмадиев.