Қазақстанда ҚР Президенті жанынан әдебиет және өнер бойынша ұлттық кеңес құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ҚР Президенті жанынан әдебиет және өнер бойынша ұлттық кеңес құрылады. Бұл туралы бүгін «Мәңгілік ел - елдің біріктіруші күші» атты шығармашылық және зиялы қауым өкілдерінің форумында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
None
None

«Саланы институционалдық қайта құру, басқарушылық мәселелерді үйлестіру мақсатында елімізде алғаш рет Қазақстан Президенті жанында Әдебиет, өнер бойынша ұлттық кеңесті құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанында салалар бойынша көркемдік кеңес құру қарастырылуда», - деді ведомство басшысы.

Осы орайда министр Ұлттық кеңес мәдени саясатты жүзеге асыру мәселелерінде кеңес берудің бас органы болатындығын атап өтті. Оның құрамына депутаттар, Үкмет өкілдері, шығармашылық одақтар мен мәдени ұйымдардың жетекшілері, қоғам қайраткерлері, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері кіретін болады.

«Жаңа алқалық орган репертуарлық саясатты таңдайды, гастрольдiк қызметтi реттейдi, сахналық шеберлiктi арттыруға күш салып, мамандарды таңдауға атсалысады», - дейдi министр.

Мұнымен қоса, салалар бойынша көркемдік кеңестер мәдениет бағытында бәсекеге қабілетті отандық өнімді құру мақсатында бірлестіктердің қызметін ынталандыру мен бағалауды, үйлестіруді қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар