Қазақстанда ҚР президенттігіне үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталып келеді
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанда ҚР президенттігіне үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталады.
ҚР Орталық сайлау комиссиясы өзінің кезекті отырысында президенттікке үміткерлерді тіркеу қорытындысын шығарады.
Естеріңізге сала кетейік, ертең сайлауалды үгіт жұмыстары басталады, ол 1 сәуірде аяқталмақ.
ҚР президентінің кезектен тыс сайлауы 3 сәуірде өтеді.