Қазақстанда «ҚР Тәуелсіз кәсіподақтарының конфедерациясы» бірлестігі құрылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда жаңадан «ҚР Тәуелсіз кәсіподақтарының конфедерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі құрылды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласында өткен баспасөз мәслихатында мәлім етілді.
None
None

«Бұл мүлдем жаңа деңгей, жаңа мүмкіндіктер. Кәсіподақ ұйымдарының ішкі құрылымы өзгерді. Егер бұрын қарапайым кәсіподақтарды ғана біріктіріп келсек, енді өңірлік деңгейдегі кәсіподақтарды біріктіре аламыз. Жұмыс берушілер енді бізбен санасатын болады. Біз ашық та шынайы диалог жүргіземіз. Біз тек заң аясында ғана талаптар қоя аламыз. Жұмыс берушілермен қашанда келісуге, ортақ тіл табысуға бейімбіз. Жұмысшы қауымының зардап шекпегенін, заң аясында өздеріне тиесілі артықшылықтарын алғанын қалаймыз. Олай болмаса, кәсіподақ құрып керегі не?», - деді Қазақстан Республикасының тәуелсіз кәсіподақтары конфедерациясының президенті Лариса Харькова.

Айта кетелік, «ҚР Тәуелсіз кәсіподақтарының конфедерациясы» кәсіби одақтар құру бағытында тәуелсіз Қазақстан тарихында тіркеу құқығына ие болған екінші ұйым.  

Қазіргі таңда конфедерация құрамында алты салалық кәсіптік ұйым бар. Солардың төртеуі конфедерацияның құрылтайшылары болып белгіленді. Олар: 

«Әділдік әлеуметтік және үй жұмыскерлері салалық кәсіптік одағы», «Денсаулық сақтау әлеуметтік даму салалық кәсіптік одағы», «Отын-энергетикалық кешені салалық кәсіптік одағы» және «Бұқаралық ақпарат құралдары және телекоммуникация салалық кәсіптік одағы» қоғамдық ұйымдары. Қалған екі кәсіптік ұйым білім және шағын және орта бизнеске қатысты. 

Лариса Харькованың айтуынша, конфедерация құрамы болашақта басқа да салалық кәсіптік одақтармен толығатын болады. Қазіргі таңда елімізде әлі қайта тіркеуден өтпеген 600-ден астам кәсіптік одақтар бар.

«Біздің конфедерация қарамағында әзірге 75 мыңдай жұмысшы қамтылған. Ал бүкіл Қазақстан бойынша кәсіптік одақтар жұмыскерлердің 30 пайызын қамтиды. Болашақта бұл көрсеткіш бұдан да көп болатынына сенімдімін», - деді Л. Харькова. 

Соңғы жаңалықтар