Қазақстанда криптобиржа ашыла ма

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанда алғаш рет криптобиржа мен криптоайырбастау бекеті ашылады. Жаңадан құрылған "DIGITAL NETWORK" сандық теxнологиялар мен криптоиндустрия қауымдастығы осындай болжам жасап отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ұйым мүшелері аталған бастамаларға өздері де атсалысамыз деп отыр. "Біз криптоайырбастау бекеттері мен криптобиржалар бойынша Ұлттық банк төрағасы Ақышев мырзамен кездесуді жоспарлап отырмыз. Бізде арнайы жоспар бар. Оған сәйкес, Қаржы министрі Бақыт Сұлтановпен криптоиндустрия мен салық салу мәселесін де талқылауды көздейміз", - деді қауымдастық басшысы Олжас Мұртазин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Дәл қазір Қазақстанда криптовалюталарға қатысты нақты заңнама жоқ. Соған қарамастан, криптоайырбастау бекеттерін ашуға болады. DIGITAL NETWORK-тің инвестицияларды тарту департаментінің директоры Ерлан Шайxымбаевтың айтуынша, қазіргі кезде "Астана" Халықаралық қаржы орталығы тиісті ережелерді әзірлеп жатыр. "Негізі, 2017 жылдың соңында болады деген. Қазіргі кезде оны толықтырып жатыр. Жақын арада күшіне еніп, заңдастыру жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан барлық жұмыстар заңды болады. Егер ережелерді қабылдау шаралары ұзарып кетсе, криптоайырбастау бекеті өз жұмысын бастай береді. Өйткені дәл қазір шектеу қойылмаған. Ал шектеу болмаған соң ол заңсыз болып саналмайды. Сосын ол біз үйренген валюта айырбастау бекеттері сияқты емес. Криптоайырбастау бекеті онлайн режімде жұмыс істейді" - деп атап көрсетті Е.Шайxымбаев.

Криптобиржасыз да болмайды. Себебі бүгінде әлем бойынша 200-ден астам криптобиржа бар. Ірі биржалардың күнделікті ақша айналымы 6-10 млрд долларды құрайды. Ал барлық криптовалюталар нарығы 500 млрд долларға бағаланып отыр. "Бүгінгі болжамға сәйкес, алдағы үш-бес жылдың ішінде 5 триллионға дейін барып, он есеге өсуі әбден мүмкін. Сондықтан осы нарықты жан-жақты зерттеп, болашағы бар криптовалюталарға инвестиция жасаған дұрыс. Өйткені біз ақшаны тек тұтыну үшін қолданамыз, киім, тамақ, үйге неше түрлі заттарды сатып аламыз. Ал шетелде ақшадан ақша жасайды. Бізге де үйрену керек", - деп атап көрсетті Е.Шайxымбаев.

Соңғы жаңалықтар