Қазақстанда құқық қорғау органдарын дамытудың Жол картасы әзірленеді
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанда Құқық қорғау органдарын 2024 жылға дейін дамытудың Жол картасы әзірленеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Президенті Әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Шпекбаев мәлім етті.
«Қазіргі кезде ағымдағы онжылдықта құқық қорғау органдарын дамытудың Жол картасы болатын тиісті Шаралар жоспарын әзірлеу жүріп жатыр», - деп тоқталды ол. А. Шпекбаевтың сөзінше, бағдарламаның негізгі мақсаты - құқықтық тәртіп жүйесін жаңарту жолымен азаматтардың құқы мен бостандығын тиімді қорғау, қоғам мен мемлекеттің заңды мүддесін қамтамамыз ету. Осы орайда ол ведомстволық көрсеткіштерге негізделген жүйенің маңыздылығын төмендетіп, полиция қызметіне сыртқы қадағалаудың рөлін күшейту мақсат екенін атап өтті.