Қазақстанда күн 5 градусқа дейін суытады - 28 қыркүйекке ауа райы болжамы

ТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - 28 қыркүйекте Қазақстанның батысы, шығысы және оңтүстік-шығысы антициклон ықпалында болады, деп хабарлады ҚР ТЖМ Қазгидрометке сілтеме жасап.
None
None

ҚР-нің қалған аумағы атмосфералық ауа ағындарының ықпалында болып, жаңбыр жауады, жел күшейеді, деп нақтылайды синоптиктер.

Ақмол, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, күндіз Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында кейбір жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жтеді.

Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, таңертең Ақтөбе облыстарында кейбір аудандарда тұман түседі.

Түнде Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде 0-ден 5 градусқа дейін күн суытады.

Қазақстанның оңтүстігінде кейбір жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.

Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің аздаған құбылуы байқалады.

Соңғы жаңалықтар