Қазақстанда күн ашық болады - 30 сәуірдегі ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық аумағы дерлік ауқымды антициклонның ықпалында болуымен байланысты күн райы ашық болады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қазақстанда күн ашық болады - 30 сәуірдегі ауа райы болжамы

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Сондай-ақ Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.