Қазақстанда күн сайын обыр дертіне байланысты 82 оқиға тіркеледі

АЛМАТЫ. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Қазір басты назар обырдан көз жұмуды төмендету емес, сырқатты ерте анықтап, емдеуге аударылуда.

Қазақстанда күн сайын обыр дертіне  байланысты 82 оқиға тіркеледі

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының стратегиялық мәселелер жөніндегі директоры Татьяна Слажнева бүгін Алматыда Дүниежүзілік обырмен күрес күніне арналған баспасөз мәслихатында осылай айтты.

«Қазақстанда қазір обырмен ауыратын 143 мың адам тіркеуде тұр. Оның өсу үрдісі Қазақстанға ғана емес бүкіл әлемде ұқсас. 2012 жылдың қорытындысы бойынша біз жаңадан 1716 адамды анықтадық. Бұл ауруды ерте анықтау бағдарламасының нәтижесінде жүзеге асып отыр», - дейді Д. Бейпейісов. Оның айтуынша, қазір онкологиялық мекемелердің материалдық базасын нығайту, кадрлық әлеуетті көтеру, оқыту, дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Ағымдағы жылдан бастап обырдың жаңа түрлеріне скирингтік бағдарлама жүргізіледі.