Қазақстанда күн жылына бастайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы ауа райын әлі де орталығы Алтай үстінде тұрған суық антициклон белгілеп отыр. Сондықтан да демалыс күндері көптеген облыста ауа температурасы климаттық нормадан 8-15°С, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста 17...22°С төмен болды. Бұл жайлы Қазгидрометке сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА хабарлайды.  

Қазақстанда күн жылына бастайды

Бірақ қатты аяз әлсіреп келеді, 29 қаңтар күні республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы минус 20...27°С градусты көрсетуде.

Алдағы үш күнде Атлант мұхиты және Қара теңізден көтерілген жылы әрі ылғалды ауа массалары Қазақстанның батыс, солтүстік өңірлерінде, сонымен бірге оңтүстік, шығыс облыстарында да күннің жылынуына септігін тигізеді.