Қазақстанда құрастырылған автомобильдердің ішкі нарықтағы үлесі артуда

АЛМАТЫ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Allur Auto компаниясының ішкі автомобиль саудасындағы үлесі 8 айдың қорытындысы бойынша 5,2 пайызды құрауда.

Қазақстанда құрастырылған автомобильдердің ішкі нарықтағы үлесі артуда

Бұл кезеңде Allur Auto - 5201, SY - 22015, Zaz - 2 032, Mitsubishi - 627, Suzuki - 158, Iveco 169 көлік сатқан көрінеді. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, тамызда шілде айымен салыстырғанда саудасын 10 пайызға ұлғайтқан олар қазір нарықта бір сатыға жоғарылап төртінші орынға көтерілген. Өз клиенттері арасында ең танымалы SsangYong маркасындағы көліктер болып отыр. Оның саудасы тамызда 8,4 пайызға өсіп, 387-ні құрады. Одан кейінгі орындарда SsangYong Kyron (162 дана) мен SsangYong New Actyon (130 дана) маркасындағы көліктер келе жатыр. Zaz маркалық автомобильдер саудасы болса тамызда 6 пайызға өскен. Сатылған 361 көліктің 279-ы немесе 77 пайызын оның қазақстандық өндірістегі Chance моделі құраған. Ал Mitsubishi брендіндегі автомобильдер саудасының өсімі 2,4 пайыз болып отыр.