Қазақстанда құрастырылған тікұшақтың бірінші партиясы тапсырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы қаласында «№ 405 авиажөндеу зауытында» Төтенше жағдайлар министрлігіне арнап жасалған Ми-8АМТ тікұшағының бірінші партиясы салтанатты түрде тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда құрастырылған тікұшақтың бірінші партиясы тапсырылды

Тікұшақтарды құрастыру жөніндегі осы жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путиннің мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша 2015 жылы берген тапсырмасына сәйкес іске асырылды.

Іс-шараға «Вертолеты России» АҚ және Қазақстанның мемлекеттік органдарының басшылығы қатысты.

Ми-8АМТ - көп мақсатты тікұшақ, екі қозғалтқышты тікұшақ. Көптеген азаматтық және әскери тапсырмаларды орындау үшін 50-ден астам елде кеңінен қолданылады.