Елде құрылыс жұмыстарының көлемі 13,4%-ға өсті

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2,4 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,4%-ға ұлғайды.

Олжас Бектенов проверил реализацию поручений Президента по строительству электростанции в Туркестанской области
Фото: ҚР Үкіметі

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өсім негізінен ғимараттар салу көлемінің 41,2%-ға артуы және құрылыс пен жөндеу жұмыстарының көбеюі есебінен қамтамасыз етілді.

Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде автомобиль жолдары, теміржолдар мен метро құрылысының үлесі 26,3%-ды құрады. Сондай-ақ тұрғын емес ғимараттар құрылысы — 20,4%, тұрғын үйлер құрылысы 11,9% болды.

— Ел бойынша құрылыс жұмыстарының басым бөлігін жеке құрылыс ұйымдары орындады. Олардың үлесі 87,9%-ға тең. Шетелдік компаниялар 11,4%, ал мемлекеттік ұйымдар 0,7% құрылыс жұмысын жүзеге асырды, — делінген бюро таратқан ақпаратта.

Бұған дейін ШҚО-да құрылыс компаниялары үйдің құнын азайтып көрсетіп, 420 млн теңге салық төлемегенін жазғанбыз.