Қазақстанда құрметті донор атағын алу үшін 40 рет қан тапсыру керек
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 маусымда аталып өтетін Дүниежүзілік донор күніне арналған ерікті акция өтті, деп хабарлайлы ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
Бүгін Қазақстан Республикасының Министрліктер үйі жанында Донор күні өтті. Сағат 9-дан бастап 13-ке дейін Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының мамандарымен мемлекеттік қызметкерлерден қан алу ұйымдастырылды. 14 маусымда аталып өтетін Дүниежүзілік донор күніне арналған ерікті акцияда тек қана басшылар ғана емес, Министрліктің және Министрліктер үйі ғимаратының Әкімшілік дирекциясының қызметкерлері де қатысты.
Қан қызметінің жылжымалы медициналық кешенінің жұмысы уақытында 40 адам ерікті (және өтеусіз) донор болды.
Әрбір донор 2 күнге жұмыстан босатылуы туралы анықтама алды. Бұдан басқа, өтеусіз донорлық міндетін жүзеге асырған донор қан және оның компоненттері донациясынан кейін өзінің қанының көлемін және ағзасының энергетикалық шығынының орнын толтыру үшін таңдау бойынша тегін тамақтанады немесе 0,25 АЕК көлемде ақша баламасын алады. Сонымен қатар, Қазақстанда құрметті донор болу үшін 40 рет қан немесе 70 рет плазма тапсыру керек.
Дәрігер Элмира Көпееваның айтуына қарағанда, Министрліктер үйінде ұйымдастырылған Донор күнін нәтижелі деп санауға болады. Жылжымалы кешеннің белсенділігінде - ең ірі шығулардың бірі болды. Жиналған 20 литр қан зертханалық зерттеуден кейін өңдеуге, ал содан кейін еліміздің емдеу мекемелеріне түседі.