Қазақстанда құрылыс бағасы арзандайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті енгізген тетіктер есебінен арзандату жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Біріншіден - Объектілер құрылысының құнына лимиттер белгіленді . Өңірлер бойынша бірдей объектілер құрылысының құны бірдей болуы тиіс. Ол үшін нормативтік-техникалық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілді және барлық әлеуметтік және азаматтық-тұрғын үй объектілерінің құрылысына шекті құнды (лимиттерді) белгілеу бойынша Жол картасы әзірленді.

Лимитті белгілеу ірілендірілген көрсеткіштер негізінде, олар болмаған жағдайда – өткізілген объектілер негізінде жүзеге асырылады.

Қолданыстағы Мемсараптама РМК порталы базасында лимитті есептеу тетігі автоматтандырылды.


Екіншіден, баға қалыптастырудың айқындығын, ашықтығын жәнеанықтығын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе әзірленді. Бағалауды қалыптастыру толығымен ведомстволық статистика негізінде жүзеге асырылатын болады.


Үшіншіден, заңнамаға үлгілік жобаларды міндетті қолдану, жобалардың бірыңғайэлектрондық банкін құру, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор қаражаты

есебінен бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердің сараптамасынмемлекеттік сараптамаға беру бөлігінде өзгерістер енгізіледі. Бұл түзетулер бизнес-климатты дамыту мәселелері бойынша заң жобасы аясында әзірленіп, ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізілді.


Төртіншіден, жобаларды жобалаумен және сараптаумен айналысатын жеке және

заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын қатаңдатужоспарлануда. Сметашыларға қойылатын біліктілік талаптарының тізбесіне, оның ішінде бейінді білімінің болуына талдау жүргізіледі.

Сметалық құжаттама бойынша сараптамалық жұмыстарды жеке мамандандыруға бөлу бойынша НҚА жобасы әзірленді. НҚА жобасы мемлекеттік органдарда келісу сатысында тұр.


Бесіншіден, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтанқаласында пилоттық жобаларды іске асыру жалғасып жатыр.

Бекітілген Жол картасына сәйкес заңнамаға түзетулер әзірленді және келісілу үстінде.

Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау, қаржыландыру, өткізу жүйесі саласындағы түзетулерді ағымдағы жылдың тамызына қарай бекіту жоспарланып жатыр. Түзетулер енгізу бойынша жауаптылар - ҰЭМ және ҚМ.

Құрылыс саласында-құрылыстың бастапқы құнын анықтау әдістемесі дайындалды.

Тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін әкімдіктер пилоттық жобаларды іске асыра бастайды.

Алтыншыдан, биылғы жылы құрылыс саласының ашықтығын жәнецифрландырылуын толық қамтамасыз ететін құрылыс нормаларынцифрландыру және цифрлық модельдеу технологияларын енгізу бойыншажұмыс басталды.

2020 жылы 36 нормативтік-техникалық құжат, 2021-2023 жылдары – 195 құжат цифрландырылады.

Болашақта, іс жүзінде жобалау-сметалық құжаттама қолданыстағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына автоматтандырылған режимде тексерілетін болады. Бұл сараптама жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік беріп, жобалардың сапасына және олардың құнын есептеуге оң әсер етеді.

Механизмдер Мемлекет басшысының 24 қаңтардағы Үкімет отырысында құрылыс құнын төмендету мәселесі бойынша берген тапсырмалары шеңберінде әзірленді.


Соңғы жаңалықтар