Қазақстанда құрылыс материалдарын шығаратын екі зауыт жұмыс істей бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы алты айда құрылыс материалдарының 66 пайызы отандық тауар өндірушілерінің үлесіне тиесілі болды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биылғы алты айда құрылыс материалдарының 66 пайызы отандық тауар өндірушілерінің үлесіне тиесілі болды. Отандық өндірушілер әртүрлі портландцемент, тауарлық бетон, гипс, құрылыс ерітінділері, гипсокартон сынды тауарлармен ішкі нарықтың қажеттігін жауып отыр

, - деп атап өтеді министрлік агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Ведомство мәліметінше, биыл құрылыс материалдарын өндіретін екі жоба іске қосылды. Олар – елордадағы «Астана-Авто-Строй» ЖШС-ның асфальтбетон шығаратын зауыты және Маңғыстау облысындағы «CEMENT BETON M» ЖШС-ның темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыты.

Айта кетерлігі, статистика мәліметтеріне сәйкес, осы жылдың қаңтар-шілдесінде еліміздегі орындалған құрылыс жұмыстары мен пайдалануға берілген жаңа нысандардың (тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар, оның ішінде жалпы білім беретін мектептер, мектепке дейінгі ұйымдар, ауруханалар, амбулаторлық-емханалық ұйымдар және басқалары) жалпы ауданы 9 710 854 шаршы метрді құрады. Бұл өткен жылдың жеті айымен салыстырғанда 10,7 пайызға көп.

Мұнан бөлек, осы жылдың жеті айында тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 1 505,6 млрд теңге болды. Бұл 2022 жылдың 7 айымен салыстырғанда 2,5 пайызға жоғары.


Соңғы жаңалықтар