Қазақстанда құрылыс саласы қайта дами бастайды - жауапты хатшы Салауат Дембай

trong>. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда құрылыс саласы қайта жанданады. Бұл туралы бүгін Алматыдағы Атакент іскерлік ынтымақтастық орталығындағы көрме маусымының ашылу рәсіміне арналған баспасөз мәслихатында айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Құрылыс ісі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігінің жауапты хатшысы Салауат Дембайдың айтуынша, биыл республикада тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бұрын қарастырылған көлемде жалғасады. Агенттік оның көлемі өткен жылмен салыстырғанда біршама ұлғаяды деп жоспарлап отыр.

«Бұған елдегі экономикалық ахуалдың түзеліп, қаржы, банк салаларының тұрақталуы өз септігін тигізіп отыр. Биыл дағдарыс кезінде қызметін баяулатқан құрылыс материалдары өндірісі де қайта жанданатын болады. Индустриялық- инновациялық даму бағдарламасына сәйкес қолданыстағы зауыттарды жаңарту мен жаңа кәсіпорындар ашу жоспар бойынша жалғасады. Сондай-ақ аймақтардағы үлескерлер мәселесі де өз шешімін табады. Өйткені үлестік құрылыс аз көлемде болса да Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысынан өзге өңірлерде де бар. Ағымдағы жылы тек Алматы қаласы мен Алматы облысындағы кейбір үлескер мәселесі ғана келесі жылға ауысып отыр», дейді Салауат Дембай.

Соңғы жаңалықтар