Қазақстанда құрылыс саласына да IT-технология енгізілмек
Аталған жүйе ақпараттық модельдеу технологияларын қолдана отырып, құрылыс объектілерін онлайн-форматта модельдеуге мүмкіндік береді.
«Осылайша, мемлекеттік банк платформасында тапсырыс берушілер құрылыс жобасының басқа қатысушыларымен өзара байланыс орнатып, құрылысқа дайындық үшін қажет сатылардан онлайн режимде өте алады», - деп жазды ведомство.
Айта кетерлігі, ақпараттық модельдер банкін «Е-Құрылыс» және «Е-Шаңырақ» платформаларымен интеграциялау жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, «Е-Құрылыс» жүйесі құрылыс процестерін барлық кезеңдерде онлайн-режимде бақылауға мүмкіндік береді. Ал, «Е-Шаңырақ» платформасы тұрғын үй қорын басқарудың ашықтығын қамтамасыз етіп, құрылыс саласында мониторинг пен талдау жасайтын субъектілердің бірыңғай жүйесі болып табылады.
Көзделіп отырған жаңа IT-шешім құрылыс жұмыстарын жобалау барысында электрондық құжат айналымына көшуге мүмкіндік береді. Сәйкесінше, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу процесінде барынша ашықтықты қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда мемлекеттік банк сараптамалық қызмет үшін интеграциялық сервистер мен жүйенің жаңа модульдерін әзірлеудің белсенді кезеңінде. Жобаға қатысушылар салалық бизнес-процестерді, сонымен бірге техникалық талаптарды дайындау үшін деректердің құрылымын талдау жұмыстарына жұмылдырылған.
Фото: taff-haus.de