Қазақстанда құрылыс жұмыстары сапасына жауапкершілік күшейтіледі
«Заң жобасы тұжырымдамасы, біріншіден, аттестатталған сарапшылардың жеке жауапкершілігін, сонымен қатар қарастырылатын құрылыс жобалары бойына сараптама сапасы үшін эксперттік ұйымдардың жауапкершілігін күшейтеді», - деді ол «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне құрылыс нысандарын жобалау саласындағы сарапшылық қызметті реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын таныстыру барысында.
Қ.Өскенбаевтың атап өтуінше, бұған дейін заңнамада орын алған ағаттықтарға байланысты шамалы ғана айыппұл санкциялары қарастырылған болатын. Ал жаңа заң жобасында құрылыс жұмыстарының сапасына сарапшы барынша қатаң жазаға тартылатын болады.
«100 АЕК көлемінде айыппұл және 6 айға оның қызметін тоқтату қарастырылуда. Егер тағы қайталанар болса, онда сот шешімімен аттестация туралы куәлігінен айырылып, 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді», - деді бірінші вице-министр.