Қазақстанда қыркүйек айында АИ-92 маркалы жанармайдың 180 мың тоннасы өндіріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда қыркүйек айында 250 мың тоннаға жуық жанармай өндіріледі, оның 180 мың тоннасы АИ-92 маркалы бензин болмақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин айтты.

Қазақстанда қыркүйек айында АИ-92 маркалы жанармайдың 180 мың тоннасы өндіріледі

«Осы айда біз еліміздегі зауыттарда шамамен 250 мың тонна жанармай өндіретін боламыз. Зауыттар толық жүктемемен жұмыс істеп тұр. Осының нәтижесінде АИ-92 маркалы жанармайын өндіру көлемі 186 мың тоннаға жетеді деп жоспарлап отырмыз», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанның нарығы айына 280 мың тонна жанармай тұтынады. «Бірақ өздеріңіз білесіз, біз соның үштен бір бөлігін үнемі Ресейден импорттап келеміз», - деді Ұ. Қарабалин.