Қазақстанда қыркүйектегі инфляция 0,4 пайыз болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың қыркүйек айында Қазақстанда инфляция өткен аймен салыстырғанда 0,4 пайызды, 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 3,3 пайызды құраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Өткен айда азық-түлік тауарларының бағасы өзгерген жоқ, тағамдық емес тауарлар құны - 0,8 пайызға, тұрғындар үшін ақылы қызметтер 0,4 пайызға қымбаттаған.
Биылғы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, жыл басынан бері азық-түлік тауарларының құны 2,3 пайыз, тағамдық емес тауарлар 4,3 пайыз, ақылы қызметтер - 3,4 пайызға қымбаттады.