Қазақстанда қызамық дертіне шалдыққандар саны 3 мың есеге кеміген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екпенің арқасында Қазақстанда қызамық ауруына шалдыққандар саны соңғы 20 жылда 3 мың есеге кеміген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің мәліметтеріне сілтеме жасап.
None
None

Нақтырақ айтқанда қызамық дерті бойынша көрсеткіш 1998 жылы 15 мың 346 болса, 2016 жылы ол 4-ті құрап отыр. Ал, 2018 жылы бұл ауру түрі мүлдем тіркелмеген.

«Вакцина бүгінде қызамықпен күрестің жалғыз жолы. Бүкіл әлемде ол ең тиімді, үнемді әрі қолжетімді құрал болып табылады»,-делінген министрліктің хабарламасында.

Министрліктің мәліметтері бойынша, Қазақстан Республикасы профилактикалық екпелер Ұлттық күнтізбесі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңестерін сай және көптеген елдердің екпе жүргізу тәртібімен сәйкес келеді (Австрия, АҚШ, Франция, Қытай, Ресей).

Соңғы жаңалықтар