Қазақстанда қызылша ауруының деңгейі 36 есеге төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықты вакциналау шаралары нәтижесінде Қазақстанда қызылшамен сырқаттанудың көрсеткіші ағымдағы жылдың 2 айында өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 36 есеге төмендеді (2015 жылғы 2 айда 705 жағдай, 2016 жылғы 2 айда 20 жағдай), деп хабарлайды ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметі.

Қазақстанда қызылша ауруының деңгейі 36 есеге төмендеді

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі халықты вакциналаумен қажетті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында ҚР-да қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясын өткізуге арналған Әлеуметтік мобилизациялау мен ақпараттық жұмыстар жоспарын бекіткен болатын. Барлық облыстар мен Астана, Алматы қалалары әкімдері орынбасарларының басшылығымен өтетін қызылшаға қарсы қосымша иммундау шараларын үйлестіру мақсатында әрбір аймақта штабтар құрылды. Вакцинаны тасымалдау мен сақтау шаралары мұқият тексерілді. Жасөспірімдер және олардың ата-аналарымен вакциналауды жүргізудің қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қызылшаға қарсы иммундау компаниясының бірінші кезеңінде 529 мың 422 жасөспірім (60,1%-дан аса), екінші кезеңінде 292 мың 113 адам немесе мақсатты топтың жалпы санының 92,1%-ы (316 мың 704 жасөспірім) қамтылды.