Қазақстанда қызылша және қызамықпен сырқаттанушылық едәуір төмендеді

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2012 жылы қызылшаның 55 жағдайы және қызамықтың 13 жағдайы тіркелді, 2011 жылмен салыстырғанда қызылшамен сырқаттанушылықтың 2,3 есеге және қызамықпен сырқаттанушылықтың 3,4 есеге төмендегені байқалады.

Қазақстанда қызылша және қызамықпен сырқаттанушылық едәуір  төмендеді

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті мәлім етті.

Комитеттің хабарлауынша, қызылша мен қызамықтан қорғанудың жалғыз тиімді тәсілі вакцинациялау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен белгіленген вакцинациялаудың мерзімдеріне сәйкес қызылша мен қызамыққа қарсы жоспарлы иммундау 12-15 айлықта және 6 жаста жүргізіледі.