Қазақстанда қызылшаға шалдығу деңгейі артуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда қызылшаға шалдығу деңгейінің артуы болжануда. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары - Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осылай мәлімдеді.

Қазақстанда қызылшаға шалдығу деңгейі артуы мүмкін

«Бүгінде «СК-Фармация» 1 млн. қызылшаға қарсы бір мөлшерлік вакцинаны сатып алу мәселесін шешуде. Жыл соңына дейін 15-тен 19 жас аралығындағы 1 млн. адамға вакцина егіледі», - деді Ж. Бекшин. Оның сөзіне қарағанда, әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың қиындауына байланысты алдағы жылы тағы 2 млн. үш валентті (қызылша, қызамық, паротит) вакцинаны қосымша сатып алу жоспарлануда. Айта кетейік, биылғы 5 айда қызылшаның 167 оқиғасы тіркелген екен.