Қазақстанда қызылшамен сырқаттану 19 есеге азайды - А.Есмағамбетова
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда бір жылда қызылшамен сырқаттану 19 есеге азайды, деп мәлімдеді ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің эпидемиалогиялық қадағалау басқармасының басшысы Айжан Есмағамбетова.
«Өткен жылы бізде қызылшамен ауырғандар көп болды. Шамамен 3 мың жағдай тіркелді. Әрине, қызылшаның алдын алу үшін Қазақстан халқы арасында бұл инфекцияның таралуын тоқтату үшін қосымша иммундау екі кезеңмен өткізілді», - деді ол ҚР ДСӘДМ брифингінде.
А.Есмағамбетова айтып өткендей, сол уақытта қосымша иммундау өткізу қажет пе, жоқ па, ол қаншалықты тиімді болады деген көптеген жанжалдар болғанын айтты.
«Бүгін біз оның тиімділігін көріп отырмыз. Қосымша иммундаудан кейін қызылшамен ауыру 19 есеге азайды. Егер өткен жылдың бірінші тоқсанында қызылшамен ауырудың 1,5 мың жағдайы болса, бүгінгі таңда - бір тоқсанда барлығы 62 жағдай ғана тіркелген. Оның үстіне вакциналау алмаған, вакциналау жасына жетпеген балалар ауыруда. Сондай-ақ, екпе алмаған адамдар ауруда. Бұл біздің елде вакциналаудың қажет екенін көрсететін тағы бір айқын дәлел», - деді маман.
Сонымен қатар, оның айтуынша, дәрігерлер Қазақстанда соңғы 3-4 жылда көкжөтелмен ауырудың артқанына алаңдаушылық білдіріп отыр.
«Бүгінгі таңда бізді көкжөтелмен ауыруға қатысты эпидемиологиялық жағдай алаңдатып отыр. 2014-2015 жылмен салыстырғанда біз көкжөтелмен ауырудың 3,5 есеге артқанын көріп отырмыз», - деді ол.
Эпидемиялық қадағалау өкілі түсіндіргендей, көкжөтел бұл - балалар инфекциясы, ол кішкентай балалар үшін қауіпті. Оған қоса, көкжөтелмен ауырудың 70% жүйке жүйесіне кері әсер етеді, деп жазады primeminister.kz.
«Көкжөтел ұзақ уақыт емделеді. Сондықтан, бұл инфекциядан вакциналаудың қауіп-қатері мен пайдасын таразылау қажет», - деп баса айтты А.Есмағамбетова.