Қазақстанда лаңкестік жасағаны үшін өлім жазасын тағайындау қажет емес - Ж.Тұрмағамбетова

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанда лаңкестік жасағаны үшін өлім жазасын тағайындау қажет емес. Бұл норманы алып тастау керек.
None
None

Бұл пікірді бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жаңа редакциясында көзделген өлім жазасы және өмір бойы бас бостандығынан айыру жаза түрлері» атты дөңгелек үстел отырысы барысында «Адам құқығы хартиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова білдірді.

Ұзақ жылдардан бері осындай жобаларды қолдап келе жатқан Ұлыбритания елшілігіне алғысын білдірген оның сөзіне қарағанда, аталған мемлекет пен Испания лаңкестік әрекеттерден барынша көп зардап шеккенімен қылмыскерлерге өлім жазасын енгізіп отырған жоқ.

«Лаңкестік әрекет пен әскери уақытта жасалған қылмысқа өлім жазасын сақтау қажет пе? Велосипед ойлап тауып, өткенге қайта оралудың қажеті жоқ. Алып тастау керек», деді ол.

Соңғы жаңалықтар