Қазақстанда LG G FLEX 2 смартфонына онлайн тапсырыс ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9-19 наурызда қазақстандық пайдаланушылар «Технодом», «Sulpak», «Мечта» дүкендерінің сайттарынан LG G FLEX 2 смартфондарына онлайн тапсырыс бере алады.
Таяуда дүниежүзілік көрмелерде көрсетілген LG G Flex 2 смартфоны икемді экраны, қуатты бағдарламасы, лазерлі автофокусты жылдам камерасы бар ерекше дизайнымен ерекшеленді. Ол инновациялық дизайны, стандартты емес тұжырымдамасы үшін 12-ден астам түрлі санатты наградаға ие болып, оған қатысты оң пікірлер көбейді. LG G Flex 2 тиімді, жылдам жұмыс істейтін қуатты 64 сегіз ядролы Qualcomm® SnapdragonTM процессорымен жарақталған. 5.5-дюйм экраны Full HD-ға дейін ұлғайған. Жаңартылған бағдарламалық бөлімі көптеген ыңғайлы функциялармен қамтылған. Экран рұқсаты 1080p Full HD-ға дейін ұлғайтылған, бұл экранның анық, айқындығын аша түседі.