Қазақстан матаның 87 пайызын шетелден алдырады

мата
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM - 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанда мақта-мата өндірісі өсті. Көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 82,9% артық. Аталған өнімнің 20 млн шаршы метрі шығарылды.  

Сонымен қатар аталған мата түрінің импорты да өсті — 36,6%.

Яғни, өткен жылдың 11 айында 140,5 млн шаршы метр өнім импортталған (102,9 млн шаршы метр — 2022 жылғы қаңтар-қараша).

Сырттан әкелінген өнімнің нарықтағы үлес салмағы — 87,5%.

мата
Фото: Pexels

Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 3,9 млн шаршы метр мақта-мата экспортталған. 

Соңғы жаңалықтар