18:31, 17 Сәуір 2013 | GMT +5
Қазақстанда мал шаруашылығы нарығын бақылауға арналған жаңа сайт іске қосылды
АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанда sybaga.kz жаңа ақпараттық ресурсы іске қосылды, онда тұқымдық қайта құру және ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту көрініс тапқан. ҚР Премьер-Министрі ресми сайтының хабарлауынша, бұл жайында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім еткен.
«Жаңа сайтта онлайн режімінде тауарлық малдың қаншалықты саны, тұқымдық түрлендіруде қатысатыны жөнінде ақпарат алуға болады. Сондай-ақ, аудандардың және облыстардың тұқымдық түрлендіруге қатысатын мал үлесі бойынша рейтингісімен және мал өсімінің қарқынымен танысуға болады», - деді Г.Исаева.
Сонымен қатар, ол ең бастысы бағдарлама арқылы бұқаларды уақытылы алмастыруды қадағалай отырып, тұқымдық түрлендіру үрдісін бақылауға болатынын атап өтті.
Оған қоса, сайтқа кез келген адамның қолы жетімді және оны қолдану үшін электронды-сандық қолтаңба алу қажет емес.