Қазақстанда мамыр айында интернетті пайдаланушылар саны 9,4 миллионға жетті

АЛМАТЫ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанда  интернетті қолданушылардың 25,02 пайызы  Алматыда тұрады. Бұл бүгін Алматыда «Chocolife.me» компаниясының 1 жылдығына арналған алқалы жиында айтылды.
None
None

«Электрондық коммерция саласындағы 50-ден астам компанияның арасындағы сауалнама мен Euromonitor International, Deloitte & Touche «Hidden Heroes. The next generation of retail markets», Planet Retail, ҚР Статитика агентті, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның ақпарат көздеріне қарағанда   мамыр айында интернет қолданушылар саны 9,4 миллион  адамды құрады», - дейді  «Chocolife.me» компаниясының қаржы директоры Әнуар Бакиев.   Оның айтуынша, интернетті пайдаланушылардың 25,02 пайызы Алматыда, 8,30 пайызы Астанада, 21,72 пайзы Солтүстік Қазақстанда, 16,50 пайызы Шығыс Қазақстанда, 14,86 пайызы Батыс Қазақстанда, 13,60 пайызы Оңтүстік Қазақстанда тұрады.

Соңғы жаңалықтар