Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасына екі жолдама бар

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Халықаралық коньки федерациясы 2014 жылы Сочиде өтетін Олимпиада ойындарына жолдамалар бөлді. Қазақстан құрамасының мүшесі Денис Тен әлем чемпионатында күміс жүлде алып, Қазақстан құрамасына үш жолдама алғанымен, әлемдік федерация Қазақстан үшін екі жолдама бөлді, деп хабарлайды «Аламан».
None
None

Бізге үш жолдаманың орнына екі жолдама берудің өзіндік себебі бар. Біріншіден, Қазақстанда Олимпиадаға қатысатын үшінші нөмерлі спортшы жоқ. Екіншіден, Абзал Рақымғалиевтің төмен нәтижесі.

Осылайша, Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев осы бастан енді Сочи олимпиадасына дайындықтарын бастайды.

Ал Денис Тен Канада төріндегі жеңісінен кейін әлемдік рейтингте алтыншы орынға бірден көтерілді. Абзал Рақымғалиев 94 орында.

Соңғы жаңалықтар